Дәрігерлік қызметті демеп.../ Гүлмира Жақыпова, “Даму” қорының менеджері /

“Бизнестің жол картасы 2020” бірыңғай бағдарламасы бойынша “Даму” қоры арқылы өңіріміздің медицина саласына да қолдау көрсетілуде. Осы саланың бес кәсіпкеріне мемлекеттің демеуқаржысы мен кепілдік шарасы жасалды. Оларға бөлінген қаржы 61,4 миллион теңге.

Облыс орталығындағы “Стоматологиялық емдеу орталығы” ЖШС-нің қызметтерін көпшілік жоғары бағалайды. Серіктестік “Қазақстанның халық банкі” АҚ арқылы несие алып, оған көпбейінді стоматологиялық орталық ашқан болатын. Бүгінде сол алған несиесіне мемлекеттен демеуқаржы бөлініп, банк алдындағы қарызы жеңілдетіліп отыр. Сол сияқты “Панацея” отбасылық медицина орталығы” ЖШСнің де халыққа көрсетіп отырған қызметі сапалы. Онда 14 мамандық бойынша жоғары білікті дәрігерлер еңбек етеді. Бұл орталық үшін “Даму” қоры банк несиесінің жылдық сыйақы мөлшерлемесін 7 пайызға төмендетті.

“Бизнестің жол картасы 2020” бірыңғай бағдарламасы қолға алынғаннан бері солтүстікқазақстандық 468 жобаға демеуқаржы беріліп, 120 кепілдік қолдау көрсетілді. Ұлттық қордан демеуқаржыға 36,0 миллиард теңге бөлініп, 1,8 миллиард теңге сомасына кепілдік жасалды.

Солтустiк Казакстан(Петропавловск), № 163 (21852), 08.12.2015,т

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: