Тігін цехы ашылды /Айгүл Байжұмақызы/

Облыс бойынша «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасына қатысушы кәсіпкер әйелдер тігін цехын ашуға мүмкіндік алды. Айта кетейік, әр азамат шамасына қарай ақшалай емес көмек көрсете алады. Осыған орай, «Даму» қоры мүгедектерге қол ұшын берем деген адамдарды іздестіруде.

Аталмыш бағдарлама аясында несие алып, өз бизнестерін кеңейтуге мүмкіндік алған «Salben Group», «Finn Disp», «Мак-кария», «Фирма Демеу» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Матрац АЯ» жеке кәсіпкерлігі, «Вайнах» шаруа қожалығының басшылары мүгедектерге жеті көпсалалы тігін машиналарын әперіп, көмек қолын созды. «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігі тігін цехын ашу үшін мүгедектерге арнап тегін бөлме берді. - Ендігі кезекте көпсалалы тігін машиналарына қол жеткізген кәсіпкер әйелдер тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етіледі. Олар осы уақытқа дейін өз үйлерінде тігін ісімен айналысқан еді. Ал енді шағын цехта еңбек етпек. Мұндай орын тұрақты табыс көзі. «Даму» қоры көрсеткен көмек мүмкіндігі шектеулі талай жанға күш-қайрат береді деген сенімдемін - дейді Ескелді аудандық «Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Ұзақбаев.

Айта кетейік, бүгінге дейін облыста «Даму-Көмек» бағдарламасы бойынша 132 мүгедек-кәсіпкерге қолдау көрсетілді.

Жетiсу (Талдыкорган), №138 (18126), 12.12.2015,т

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: