Бағдарлама туралы

«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер мен тұрғындарға олардың проблемалары мен оларға қажетті ресурстар (қаржылай көмек, мүлік, консультациялық қолдау, өзге қызметтер) туралы ақпарат дәрежесін арттыру жолымен қолдау көрсетуге мақсатталған.

«Даму-Көмек» Бағдарламасы мүмкіндігі шектеулі адамдарды материалдық ырыс-береке және кәсіби өсу негізі болып табылатын кәсіпкерлік қызметті жүргізуге ынталандыратын жағдай жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар жұмыс жасап жүрген мүгедек-кәсіпкерлерді бизнеске арақашықтықтан оқыту арқылы олардың біліктілік деңгейлерін арттыруға жәрдемдеседі .

Арақашықтықтан оқыту өз бизнесін ашу және оны әртүрлі бағытта дамыту бойынша «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде арнайы әзірленген оқу курстарын Қордың корпоративтік сайтына орналастыру арқылы іске асырылатын болады. Одан бөлек , мүгедек- кәсіпкерлер «Бизнес-Кеңесші» Бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздер бойынша экспресс-курсын тыңдаушылар қатарына қосылады.

«Даму» Қоры қаржыландырмайды, алайда мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер және әлеуетті демеушілер мен кредиторлар арасында байланыстырушы буын болып әрекет етеді.

Бағдарлама тұжырымдамасының мәтінімен осы жерде танысуға болады.

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: