Салықтық жеңілдіктер

Мемлекет мүгедектерге, сонымен қатар мүгедектер жұмыс істейтін ұйымдарға салық жеңілдіктерін қарастырған

ҚР СК 133 -б. 1-т. 2-тармақшасына сәйкес салық төлеуші салық салынатын табыстарды мүгедектер еңбегін төлеуге шыққан шығыстар бойынша 2 есе мөлшерге және мүгедектердің жалақысы мен оларға төленетін өзге төлемдерінен есептелген әлеуметтік салық сомасын 50 пайызға азайтуға құқығы бар.

Қызметін әлеуметтік салада жүзеге асыпушы ұйымдардың табыстарына, егер тегін алынған мүлік пен депозит бойынша сыйақы түріндегі табысты ескере отырып, мұндай қызметтен түскен табыс осындай ұйымдардың (бұл қызметін балаларды, қарт адамдарды және мүгедектер саны салық мерзімінде жалпы жұмысшылар санының кемінде 51 пайызын құрайтын мүгедектер жұмыс істейтін ұйымдарды әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары; салық жылында мүгедектерге төленетін еңбек ақы бойынша ұйымдардың шығыстары еңбек ақы төлеуге шыққан жалпы шығыс сомасының 51 пайызын ( есту, сөйлеу қабілетін жоғалтқан мүгедек жандар, сонымен қатар көз жанарынан айрылғандар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайыз) құрайды) жылдық жиынтық табысы кемінде 90 пайызды құрайтын болса, салық салынбайды (ҚР СК 135-б.).

I және II топтағы мүгедектердің 45 есе аз жалақы шеңберіндегі табыстарына, ал III топтағы мүгедектердің республикалық бюджет туралы заңмен (ҚР СК 156-б. 1-т. 13-14 тармақшасымен) тиісті қаржы жылына белгіленген жалақысы жылына 27есе аз шеңберіндегі табыстарына салық салынбайды,

Егер мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері, сонымен қатар өндірістік ұйымдары мына шарттарға сай келетін болса, яғни мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар-дың жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайтын болса, онда олардың тауар-ларды/жұмыстарды/қызмет көрсетулерді іске асыру бойынша айналымдары (сауда-делдалдық қызмет бойынша тауарларды/ жұмыстарды/қызмет көрсетулерді іске асыру айналымдарынан және акцизделген тауарларды өндіру және қызмет түрлерін сату айналымдарынан басқасы) қосымша құн салығынан босатылады; мүгедектер еңбек ақысын төлеуге шыққан шығыстар жалпы еңбекақы шығысы сомасының кемінде 51 пайызын (есту, сөйлеу қабілетін жоғалтқан мүгедек жандар, сонымен қатар көз жанарынан айрылғандар жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда - кемінде 35 пайыз) құрайды (ҚР СК 248-б.,13- тармақша);

Сүйеніш-қозғалу аппараты зақымдалған, есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалтқан мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдар мөлшерлемесі 4,5 пайыз бойынша әлеуметтік салық төлейді, ал өзге ұйымдар мөлшерлемесі 11 пайыз бойынша әлеуметтік салық төлейді (ҚР СК 358-б., 3-т.).

Мүгедектер, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі жеке кәсіпкерлер біраз мемлекеттік баж алымын және өзге де алымдарды төлеуден босатылған:

Мүгедектер ҚР СК 457-б., 1,2,3- тармақшаларына сәйкес мынадай алым түрлерінен:

- жеке кәсіпкерлердің мемлекеттік тіркелгені үшін (заңи тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын I, II және III топтағы мүгедектерге қатысты);

- жылжымайтын мүлікке құқығын мемлекеттік тіркеуге алғаны және олармен мәміле жасағаны үшін;

- жылжитын мүлік кепілзатын, кеме ипотекасын немесе салынып жатқан кемені мемлекеттік тіркеуге алғаны үшін;

- туынды құқығын және аралас құқық нысандарын мемлекеттік тіркеуге алған кезде, туындылар мен нысандарды пайдалануға арналған лицензиялы шарттарды мемлекеттік тіркеуге алған кездегі алымдардан босатылған;

ҚР СК 541-б.,12 және 17 тармақшаларына сәйкес мүгедектер мен мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) есту, сөйлеу, көру қабілетін жоғалтқан мүгедектердің кемінде 35 пайызы жұмыс істейтін олар құрған ұйымдар – өз мүдделері үшін сотқа арыз-шағым беретін кезде, сотта мемлекеттік баж алымын төлеуден босатылады.

542- баптың 4-тармақшасына сәйкес мүгедектер нотариалдық әрекеттер жасаған кезде, мемлекеттік баж алымын төлеуден босатылады.

Мүгедектер еңбегін пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдарға салық жеңілдігін беру үшін санын анықтау тәртібі туралы:

"Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасы заңының 34-бабы негізінде және мүгедектер еңбегін пайдаланушы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін Қазақстан Республикасының өзге заң актілерімен ("1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Жарлығына қайшы келмейтін 1995 жылғы) қарастырылған салық және төлем бойынша жеңілдіктер мүгедектердің кәсіпорындар жұмыс істеген кездері кәсіпорындарда жұмыс істейтіндерінің жалпы орташа тізімдік санындағы, салық пен төлемдер осы бойынша есептелетін, нақты орташа тізімдік санына сүйене отырып беріледі.

Орташа тізімдік сан Қазақстан Республикасы Мемстаткомның 1993 жылғы 2 қарашадағы N 232 қаулысымен бекітілген " Жалданып жұмыс істейтіндердің саны мен жалақысының статистикасы жөніндегі нұсқаулық" негізінде анықталады.

Осы нұсқаулық негізінде орташа тізімдік сан әр айдағы (кезеңдегі) тізімдік құрамдағы қызметкерлер санының жұмысқа келген және келмеген күндерді (мереке күндерді, жұмыс емес және демалыс күндерді қоса) жинақтау және алынған соманы есепті айдың (кезеңнің) күнтізбелік күндеріне бөлу арқылы есептелінеді.

Жұмысқа келетін қызметкерлер саны (күнге) – кәсіпорындардың тізімдік құрамдағы қызметкерлер санының есепті кезеңнің белгілі бір, айдың бірінші немесе соңғы күнінің, мысалы сол күні қабылданған қызметкерлерді қоса есептеп, және сол күні жұмыстан шыққандарды алып тастай отырып, көрсеткіші болып табылады.

Жеке құрамды және мынадай бастапқы есепке алу құжаттарын: жұмысқа қабылдау туралы бұйрықты (өкімді) (Т-1 н.), өзге жұмысқа ауыстыру туралы бұйрықты (Т-5 н.), демалыс беру туралы бұйрықты (өкімді) (Т-6 н.), еңбек шартын тоқтату туралы бұйрықты (өкімді) (Т-8 н.) және т.б пайдалана отырып, құрылымдық бірліктерді кәсіпорынның (ұйымның) кадр бөлімі есепке алады. Әрбір қызметкерді есепке алу білімі, кәсібі (кейіннен олардың өзгеруімен), жұмыс орны, табельдік нөмірі және т.б. туралы мәліметтерден тұратын жеке карточкада ( Т-2 н.) жүргізіледі.

Жұмыс уақытысын (жұмысқа келу, жұмыспен өтелген уақыт, тоқтап қалу, әртүрлі себептермен жұмысқа шықпай қалу және т.б.) пайдалануды есепке алу жұмыс істейтіндердің санаты бойынша табельде (Т-13 н. және Т-12 н.) және санаттар шегінде,табель нөмірі немесе алфавит тәртібінде жүргізіледі.

Өзге кәсіпорыннан қоса атқарушылық бойынша қабылданған қызметкерлер көрсетілген нұсқаулықтың 13.3 тармағы негізінде тізімдік құрамға кірмейді.

Бұдан бөлек, ССРО Министрлер Кеңесі мен Кәсіподақтың 1973 жылғы 6 қыркүйек-тегі N 656 Қаулысымен бекітілген Еңбек кітапшаларын жүргізу тәртібі туралы ере-жеге сәйкес, қызметкерді жұмысқа қабылдағаннан кейін оның еңбек кітапшасы әкімшілікте сақталатынын қосымша хабардар етеміз.

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің салық қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы негізінде салық қызметі органдарының негізгі міндеттеріне салық есептерінің, декларациялар мен бюджетке салық және өзге төлемдерді есептеу және төлеуге байланысты өзге құжаттардың нысандарын әзірлеу жатады. Одан бөлек, осы Заңның 11-бабы негізінде салық төлеушінің құқығына салық және төлемдер бойынша жеңілдіктер құқығын растайтын құжаттарын көрсету және ұсыну кіреді.

Жоғарыда баяндалған негізде мүгедектер еңбегін пайдаланып отырған кәсіпорындарға жеңілдік беру үшін, салық инспекциясы төлеушілердің салық бойынша есептілігі мен есептерін, мүгедектердің ортатізімдік санының пайызын жалпы ортатізімдік санында көрсететін анықтамаларды, сонымен қатар жұмыс істейтін мүгедектердің жеке куәліктерінің нөмірін көрсете отырып, олардың тізімін сол жердегі салық органдарына ұсынуын талап етуі тиіс.

Төлеушілер жіберген бұрмалаушылық салдарынан салық төленетін табыстар немесе салық төленетін өзге нысандар деректерінің төмендетілуіне жол берген төлеушілерге "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12 –бабымен қарастырылған қаржылық ықпалшаралар қолданылады, ал осы бұзушылыққа жол берген лауазым тұлғаларына әкімшілік айыппұлдар қолданылады.

 

Біздің байланыс

Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05C9Y3
Гоголь көшесі, 111
Тел.: +7 (727) 244 55 66, 244 55 77
Факс: +7 (727) 278 07 76
Э-пошта: